Хабар телеарнасы

Лаңкестер әскери қалашықтарға да шабуыл жасаған

Бұл туралы Қорғаныс министрлігі хабарлады. Ведомствоның мәліметінше, төтенше жағдай енгізілген күннен бастап әскери бөлімдер, әуежай, тұрмыс-тіршілікті қамтамасыз етудің аса маңызды нысандары күзетке алынды. Сондай-ақ бақылау-өткізу режимі ұйымдастырылған. Тұрғындарға қауіпсіз және жайлы жағдай қамтамасыз етілген.