Хабар телеарнасы

Түркістан облысында 45 бақылау бекеті орнатылды

Бірақ соған қарамастан сақтық шаралары күшейтілді. Өңірдің комменданты, облыстық Полиция Департаментінің басшысы Қайрат Дәлібековтің айтуынша, өңірде 45 бақылау бекеті орнатылған. Қауіпсіздік үшін қалаға кірген әрбір көлік тоқтатылып, жүргізуші мен жолаушылардың құжаты мұқият тексеріліп жатыр. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев өткізу бекеттерін аралап, қауіпсіздік шараларымен танысты. Онда қызметте тұрған әскерилер мен тәртіп сақшыларына барынша қырағы болуды тапсырды. Өңір басшысы 1 жарым айға жететін азық-түлік қоры бар екенін және олардың бағасы өспейтінін атап өтті. Жанар-жағармай қоры да жеткілікті. Қоғамдық көліктер тоқтамайды.