Хабар телеарнасы

БҚО-да ТЖ режимін бұзғандар анықталды

Қаңтардың 8-і күні түнгі сағат 3:00 шамасында коменданттық сағатқа қарамастан жергілікті барда жастар мен кәмелеттік жасқа толмағандар демалып жатқаны белгілі болды. Рейд барысында тәртіп сақшылары 19 адамды ұстап, Орал қаласының полиция департаментіне жеткізді. Енді тәртіп бұзған азаматтар тиісті жазаға тартылады – дейді полиция қызметкерлері. Айта кету керек, төтенше жағдай кезінде көңіл көтеру орындарының жұмысына уақытша тыйым салынған. Сонымен қатар алкогольдік ішімдіктерді де саудалауға болмайды.