+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Ticketon компаниясы спорттық және мәдени шараларды ұйымдастыру арқылы билет сатылымдарын көбейтуді жоспарлауда

  • Категория: Қоғам
Ticketon компаниясы спорттық және мәдени шараларды ұйымдастыру арқылы билет сатылымдарын көбейтуді жоспарлауда

Еліміздегі Ticketon билеттерді онлайн сату сервисі ескі жылға есеп беріп, жаңа жылдың жоспарын бекітті.

Компания карантиндік шектеулерге қарамастан 2021-ші жылы интернеттегі билеттер саудасының үлесін 25-30% арттырған. Сондай-ақ Америкалық биржада тіркелген «Freedom» халықаралық холдингімен іскерлік қарым-қатынас орнатқан. «Бұл ­– соңғы жылдардағы IT нарығындағы айтулы жетістіктердің бірі», ­– дейді Ticketon мамандары.

Еліміздегі түрлі іс-шараларға билеттер сататын Ticketon компаниясы пандемия басталған жылы біраз кедергілерге ұшыраған. Алайда 2021 жылы бұрынғы көрсетекшітерді қалпына келтіру бойынша үлкен жұмыс атқарылған. Қазіргі таңда күніне 7,5 мыңнан бастап 10 мыңға дейін билет сатылады. Ал бір жылдағы көрсеткіш 1миллион билеттен асады. 

Виктория Торгунакова, Ticketon компаниясының бас директоры:

- Қазір адамдар онлайн билет алуды жақсы меңгеріп алған. Карантиндік талаптар жеңілдетілген күннің өзінде кассалардан емес, билеттерді біздің Тикетон арқылы сатып алып жатады. Тағы бір айта кетерлігі, жастардың театрға деген қызығушылығын байқауға болады. Әсіресе қазақ театрларына сұраныс жоғары.

Биыл Ticketon Америкалық биржада тіркелген Freedom халықаралық холдингімен іскерлік қарым-қатынас орнатқан. Бұл ойын-сауық қызметтерін банктердің экожүйесіне қосуға және оны пайдаланушылар санын арттыруға мүмкіндік береді. «Сондай-ақ Орталық Азиядағы байланысты күшейтіп, басқа елдерге шығуға жол ашылады», – дейді мамандар.

Виктория Торгунакова, Ticketon компаниясының бас директоры:

- 2021 жыл біз үшін жаман болған жоқ. Алға қойған жоспарларымыз толықтай орындалды десек болады. Ал келер жылдан үміт көп. 2022 жылы қауіпті індеттің көзі жойылып, қалыпты өмірге қайта ораламыз деп ойлаймын. Көптеген спорттық және мәдени шаралар ұйымдастырылып, билет сатылымдарын көбейтеміз деген жоспар бар.

2022 жылы Ticketon компаниясы өзінің концерттік іс-шараларын өткізуді және табысты ертерек қалпына келтіру үшін басқа да ұйымдастырушыларды қаржыландыруды жоспарлап отыр. Егер карантиндік шектеулер алынып тасталса, күніне 20 мыңнан астам билет сатамыз деген үмітте.

Авторлары: Жандос Айтбайұлы, Сержан Жұмабаев

 

Сондай-ақ...