Хабар телеарнасы

Қазақстанда өлім жазасы толықтай жойылады

Аса ауыр қылмыстармен күресу үшін 2003 жылға дейін аталмыш құжат елімізде толығымен қолданыста болды. Одан кейінге кезеңде шешім шығрылғанымен оны орындауға мораторий жарияланды. Сондай-ақ осы аралықта өлім жазасы қолданылуы мүмкін қылмыстар үшін баптардың тізімі кезең-кезеңімен қысқартылып отырды. Қатаң жазаны бұрын қылмыстың 20 астам түріне қолдану көзделген. Кейін ол 17 дейін азайды. Енді толықтай жою шешімі қабылданды. 

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

- Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің қараша айында өткен отырысында Қазақстанда өлім жазасы қандай да бір ескертпесіз жойылуға тиіс деген ұстанымды білдірді. Осы заңды қабылдай отырып Қазақстан өлім жазасына заң жүзінде тыйым салған елдер тобына қосылады. Сондай-ақ еліміз өлім жазасын толығымен жоюға бағытталған халықаралық қозғалысты қолдайтынын іс жүзінде дәлелдеп отыр. Қабылданған заң еліміздің демократиялық жолмен дамуына өз үлесін қосады деп сенеміз.

Өлім жазасы ежелден қоғамдағы ауыр қылмыс жасағандарға қарсы қолданылған. Ең белең алған тұсы – Х-ХІІІ ғасыр. Бұйрықты орындау тәсілдері өртеу, таспен атқылау, дарға асу, басын шабу түрінде болды. тәуелсіз Қазақстан тарихында өлім жазасына кесілген 150 адамға қатысты бұйрық ату түрінде орындалыпты. Ал өлім жазасын жою туралы халықаралық хаттама 1983 жылы қабылданған. Оны заң жүзінде 142 ел қолдаған. Әлемде өлім жазасына кесіліп артынан ақталу дерегіде тіркелген. Атап айтқанда, қосымша тексерулер 11 тұтқынның кінәсіз екенін көрсеткен.