01:00Эфирде: ҚР Әнұраны
05:00Әрі қарай: ҚР Әнұраны
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Тараздық жастар Елбасы Н. Назарбаевтың «Елдіктің жеті тұғыры» атты үндеуін талқылады

  • Категория: Қоғам
Тараздық жастар Елбасы Н. Назарбаевтың «Елдіктің жеті тұғыры» атты үндеуін талқылады

Ата-бабамыз аманаттаған тәуелсіздікті тұғырлы ету – міндетіміз.

Таразда ашық пікір алаңына жиналған жастар барша халықты егемендікті қадірлеуге, ішкі бірлікті сақтауға шақырды. Өңірдің белсенді жастары Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Елдіктің жеті тұғыры» атты үндеуін талқылап, ой-пікірлерін ортаға салды.

Кемел келешектің кілті үздіксіз білім алу мен тынымсыз еңбек етуде. Мұны жиынға қатысқан жастар жақсы түсінеді. Бүгінде әрбірі республикалық және халықаралық сындарда жеңіс тұғырынан көрініп жүр. «Егемен елде өмірге келдік, сапалы білім алдық. Елдіктің жеті тұғырын сақтау – бізге берілген аманат», – дейді олар.

Әлихан Наргиев, 4 курс студенті:

- Осы жеті тұғырды біздің бүгінгі таңда жастарымыз аманат ретінде естерінде сақтауы қажет. Жеті тұғырда көрсетілген бағыттарды біз, жастар іске асырамыз.

Мемлекеттілігімізді қадірлеп, көздің қарашығындай қорғау – әркімге де міндет. Елбасының үндеуі барымызды бағалап, тәуелсіздік деген киелі ұғымды сақтап қалуымызға жол нұсқайды. «Осы құндылықтар әсіресе еліміздің ертеңі – жас ұрпақ үшін ерекше маңызды», – дейді өңір басшысы Бердібек Сапарбаев.

Бердібек Сапарбаев, Жамбыл облысының әкімі:

- Тәуелсіздіктің жемісін көріп келе жатқан жастарсыздар. Мемлекетімізде жасалып жатқан әр іс Сіздер үшін. Елбасы «Болашақ» бағдарламасын тағайындады. Сол бағдарламаның нәтижесінде Қазақстанның мыңдаған жастары дүниежүзіндегі ең мықты деген жоғарғы оқу орындарында білім алды.

Тұңғыш Президент күні қарсаңында жамбылдық белсенді жастар «Nur Otan» партиясының қатарына қосылды. Сонымен қатар «Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттары бойынша ел жастарына үндеу арнап, челлендж бастады.

Авторы: Ж. Меруерт

Сондай-ақ...