Хабар телеарнасы

Мамандар мәйіттің іш-құрылысын зерттейтін құрылғы сатып алмақ

Оның орнына мәйіттің іш-құрылысын санаулы минуттарда толық зерттеуге мүмкіндік беретін құрылғыны сатып алу жоспарланып отыр. Виртуалды аутопсияны бүгінде Қатар, Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, АҚШ пен Ұлыбритания сияқты бай елдер қолданады екен. Демек, аппарат арзан емес. Бүгінгі жобаны таныстырған мамандар құрылғының құнын жариялаудан бас тартты. Тек ол туралы салыстырмалы мәлімет берді.

Айталық, Қазақстанда жыл сайын 30 мың мәйітке медициналық сараптама жүргізіледі. Сәйкесінше, бір денені зерттеу үшін 5 сағат уақыт кетеді. Әрі оған бюджеттен 50 мен 90 мың теңге аралығында қаржы жұмсалады. Ал виртуалды аутопсияның көмегімен бір мәйітті 15 минутта денесіне пышақ тигізбей көруге болады екен. Маманның сөзінше, бір қалаға бір құрылғы жеткілікті. Жиынға қатысушылар, осы жобаны бірауыздан қолдады.

Ирак Елекеев, мемлекет және қоғам қайраткері:

- Бізде мұсылман халқы болғаннан кейін, мәйіттің денесін ағайын-туысқандары сұрайды. Қайтыс болған адамның денесін кесу зардап қой. Бұл құрылғы, ең бірінші, осы жағынан тиімді.