Хабар телеарнасы

Маңғыстау облысында жұмысшылар жатақханасындағы өрттен екі адам көз жұмды

Қазір науқасты Бейнеу ауданынан Ақтауға жеткізу жолдары қарастырылуда. Өрт кезінде ғимаратта 10 адам болған, оның алтауы сыртқа шығып үлгерген. Өкінішке қарай, оқиға орнында бір ер және бір әйел адам қаза тапты. Тағы екі ер адам 2-қабаттан секіріп, дене жарақатын алды. Сол жерде алғашқы медициналық көмек көрсетілген соң, Бейнеу орталық ауруханасына жеткізіледі. Таңғы сағат 05:00 шамасында Боранқұл кен орнында болған өртке электр желісінің қысқаша тұйықталуы себеп болуы мүмкін деген болжам бар.

Нұрбол Оқуов, Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:

- 2-қабаттан секірген кезде қолын, аяғын, омыртқасы мен тағы біраз жерін жарақаттаған. Олардың қазіргі жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр. 1984 жылы туған жас жігіт хирургия бөліміне жатқызылды. Алдағы уақытта Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізіп, травмотология бөліміне жатқызу жоспарланған.

Мұрат Мұханов, ТЖД бастығы:

- Таңғы сағат 07:22-де өрт толықтай сөндірілді. Себептері анықталуда. Өрт салдарынан 2 адам: 1976 жылы және 1963 жылы туылған азаматтар қаза болды.