Хабар телеарнасы

Алматыда Президент Жолдауын жүзеге асыру бойынша актив отырысы өтті

Ал 2025 жылға қарай қаладағы барлық білім ошақтарында инклюзивті білім беру жұмысы жүргізіледі. Бұл туралы Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған міндеттерді орындауға қатысты өткен қала активінің отырысында Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев айтты. Жиында Жолдау негізінде мегаполисте жүзеге асырылатын жобалар талқыланды.

Технологияның дамуы қимыл-қозғалысты шектеуде. Нәтижесінде балалар арасында көз аурулары, омыртқаның қисаюы көбейген. «Сондықтан бұқаралық спортты өркендету күн тәртібінен түспейді», – деді қала әкімі Бақытжан Сағынтаев. Қалада балалар спортын дамытуға 1,5 миллиард теңге бөлінді. Бұл қаржы 40 мың баланың спортпен тегін айналысуына мүмкіндік береді.

Мейіржан Отыншиев, «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

- Партияның қоғамдық қабылдауында азаматтар көбіне тұрғын үй халықтың әл ауқатын арттыру және адам құқықтарын қорғау мәселелерін көтереді. Осы ретте Қасым-Жомарт Кемелұлының халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасы негізінде биылғы Жолдауда аталған мәселелерді шешудің нақты жолдары көрсетілген.

Мемлекет басшысы өз Жолдауында экологиялық мәселелерді шешу қажеттігін атап өткен болатын. Алматыда соңғы 11 жылда көліктерден шығатын зиянды заттар 128 мың тоннадан 70 мың тоннаға дейін төмендеген. Енді Жылу электр орталықтары жаңғыртылса, ауадағы зиянды қалдықтардың мөлшері 7,5 есе азаяды.

Станислав Канкуров, қалалық мәслихаттың хатшысы:

- Мемлекет басшысының саяси жаңғырту реформалары Алматы қаласында тиімді жүзеге асырылып келеді. Алматылықтардың пікіріне сүйене отырып, Жолдау қоғамда кең қолдауға ие болғангдығын байқап отырмыз.

Президент Жолдауда цифрландыру мен отандық ІТ саласын нығайтуды тапсырды. Бүгінде Алматыда мемлекеттік қызметтердің 97,8% автоматтандырылған. 2025 жылға дейін барлық мемлекеттік қызметтерді смартфонмен пайдалана алатындай етіп, электронды форматта ұсыну жоспарланып отыр.

Авторы: Гүлжан Көленқызы