22:30Эфирде: «Қазақ хандығы» телехикаясы
23:30Әрі қарай: Кино. «Путь лидера. Железная гора»
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Ақтөбеде жаңа мектеп ашылды

  • Категория: Қоғам
Ақтөбеде жаңа мектеп ашылды

Бұл өңірдегі ең үлкен білім ордасы болмақ.

Жекенің қаражатына салынған ғимарат бір мезетте 1,5 мың оқушыны қабылдауға әзір. Ал оқушылар үшін білім алу тегін болады. Яғни білім беру үрдісі үкіметтік тапсырыс аясында жүргізіледі.

Мектеп ғимараты бір жылдан астам уақыт ішінде дайын болған. Ауданы 18 мың шаршы метрге жететін гимназия ең соңғы заманауи үлгіде жабдықталды. Негізгі білім беру жоспарынан бөлек сабақтан тыс сағаттарға да үлкен көңіл бөлініп отыр.

Айгүл Арынғазиева, «Білім» мектеп-гимназиясының директоры:

- 75-тен астам кабинеттеріміз бар. Атап айтқанда, робототехника кабинеттері, физика, химия, лингофондық кабинеттер, интернет кабинеттері барлық оқу құралдарымен жабдықталған. Сонымен қатар 800 шаршы метрден артық үлкен спорт залымыз бар. Мектептің артында футбол алаңы, спорттық шараларға бокс рингі, татами жасалған.

Ақтөбенің Батыс-2 ауданындағы мемлекеттік қос білім ордасы бұған дейін үш ауысымды кестемен қызмет көрсетіп келген. «Білім» мектеп-гимназиясының ашылуымен мәселе шешімін таппақ. Биылғы оқу жылында 3 мың бүлдіршін жаңа білім ошағының табалдырығын аттайды. Жекенің қаражатына салынғанымен оқушылар тегін білім алатын болады.

Оңдасын Оразалин, Ақтөбе облысының әкімі:

- Жалпы облыстағы үш ауысымдық мектептердің проблемасы бар, апаттық жағдайдағы мектептердің әлде де бар екенін жоққа шығармаймыз. Солардың проблемаларын шешу, балаларға дұрыс білім беру осындай инвесторлардың арқасында жүзеге асырылуда. Мектептердің санын көбейту – алғашқы бастама. Кейін басқа да инвесторлар үлгі ретінде пайдаланып, іске асырады деген үміттемін.

Бұдан бөлек өңірде қазір 20 жаңа мектеп салынуда. Оның 12-і жыл соңына дейін қолданысқа берілуі тиіс.

Авторлары: Мансұр Есқожин, Айнадин Молдабеков

Сондай-ақ...