Хабар телеарнасы

Тараздағы әскери қоймада барлығы 6 жарылыс болды

Тараздағы әскери қоймада барлығы 6 жарылыс болды

Әскери бөлімнің өрт сөндіру командалары мен шынжыр табанды арнайы өрт сөндіру техникасы, сондай-ақ Жамбыл облысы бойынша ТЖД-ның өрт сөндіру есептоптары жұмылдырылды.

Қоймада көбіне ұзақ қашықтыққа қабілетті емес инженерлік оқ-дәрі сақталады. Барлығы 6 жарылыс болды.

Сонымен қатар халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жақын маңдағы үйлердің тұрғындарын эвакуациялау басталды. Медициналық көмекке жүгінген 32 зардап шегуші туралы мәліметтер бар, оның ішінде 10-ы – әскери қызметші.

Оқиға орнына ӘӘК әскери-көлік авиациясының бортымен Қорғаныс министрі, Төтенше жағдайлар министрі, Қорғаныс министрінің орынбасары және қорғаныс ведомствосының комиссиясы ұшып шықты.