Хабар телеарнасы

Қорғаныс министрлігі Жамбыл облысындағы жарылысқа байланысты пікір білдірді

Қорғаныс министрлігі Жамбыл облысындағы жарылысқа байланысты пікір білдірді

Аталмыш бөлім Тараз қаласынан шамамен 18 шақырым қашықтықта орналасқан. Өрт салдарынан белгісіз заттар жарылды. Өртті сөндіруге әскери бөлімнің шынжырлы өрт сөндіру машиналары тартылды. Оларға Жамбыл облысының ТЖД өрт сөндіру есептоптары көмектесуде.

Өрт ошағын жою жалғасуда. Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталуда.

Оқиға орнына министрдің орынбасары генерал-лейтенант Руслан Шпекбаевтың басшылығымен Қорғаныс министрлігінің комиссиясы жіберілді» делінген хабарламада.