Хабар телеарнасы

Ashyq көшбасшыларына түнгі екіге дейін қызмет көрсетуге рұқсат берілді

Ведомствоаралық арнайы комиссия қазақстандықтар көптен бері күтіп жүрген бірқатар шешімді қабылдады. Сонымен, Ashyq жобасына қатысатын барлық бизнес нысаны демалыс күндері түнгі сағат 00:00-ге дейін жұмыс істейді. Ал Аshyq жобасының көшбасшысы саналатын мекемелердің жұмыс уақыты түнгі сағат 02:00-ге дейін ұзартылды. Бірақ мұндай мекемелерге тек вакцина алғандар мен ПТР-тесті барлар ғана кіре алады.

Сондай-ақ сенбі күні қоғамдық көліктердің де қызметі қайта жанданбақшы. Ал Алматы қаласындағы шектеу шаралары 4 қыркүйектен бастап жеңілдетіледі.