Хабар телеарнасы

Тоқтар Әубәкіров коронавируспен ауруханаға түсті

Жағдайы орташа ауыр. Екіжақты пневмония анықталды. Ресми мәліметке сәйкес, сенбі күні Әубәкіров медициналық орталық ауруханасына хабарласып, жөтел, әлсіздік пен тершеңдік бар екенін айтқан. Оның үйіне жіберілген жедел медициналық жәрдем бригадасы ПТР-сынама алып, ол оң нәтиже көрсетіпті. Тоқтар Әубәкіровтың айтуынша, ол 6 күннен бері ауырып жүрген. Бірақ ауруханаға бармаған. 23 тамызда госпиталь бригадасы тағы үйге келіп, томография жасаған.

Раушан Қарабаева, ҚР Президентінің іс басқармасы медициналық орталығы ауруханасы директорының орынбасары:

- Науқастың жағдайы ауыр болған жоқ. Ол ауруханаға жатудан бас тартты. Бірақ бүгін таңертең дәрігерлер онымен қайта сөйлесіп, жұқпалы аурулар орталығына баруға көндірді. Қазір ол ем қабылдауда.