Хабар телеарнасы

Қызылорда облысында коронавирус жұқтырған бала көбейді

Коронавирус жұқтырған 57 бүлдіршіннің 2-еуі жансақтау бөлімінде жатыр. Қазір аурухана жоспарлы емделушілерді қабылдауды тоқтатқан. Осылайша, тағы 20 инфекциялық төсек-орнын ашуды жоспарлап отыр. Коронавирус ересектер арасында да өршіп тұр. Соңғы тәулікте өңірде 206 азаматтан індет анықталған.

Әлия Әбдіқайымова, Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:

- Шілде айының өзінде 3387 жағдай тіркелді. Бұл өткен жылдың тіркелген ауруымен теңесіп отыр. Яғни біз 2020 жылы тіркелген бүкіл ауруды бір-ақ айда беріп тұрмыз. Өткен жылы 3392 жағдай тіркелген болатын.

Зоя Көшенова, облыстық Балалар ауруханасының бас дәрігері:

- Бұл – балалардың анасы, туған-туысқандары, жан-жағы коронавирус инфекциясымен байланыста болғандар. Сонымен қатар балаларда коронавирус әрі қарай жиілемес үшін барлығы өз қолымызда деп есептейміз. Ата-аналар көпшілік жерге бармаса екен дейміз.