Хабар телеарнасы

Қызылордада некробактериоз ауруынан түйелердің табаны түсіп жатыр

Әзірге мамандар осындай болжамды диагноз қойып отыр. Нақты себебі қосымша сараптамадан кейін белгілі болады. Бүгінде індетке шалдыққан Ойсыл қара тұқымына екпе жасалып, ем-шаралар жүруде. Аса қауіпті індет түрі болмағандықтан, шаруаларға өтемақы төленбейді. Әзірге мамандар 13 бас түйенің табаны түскенін айтып отыр. Бұл жұқпалы ауру соңғы рет тоқсаныншы жылдары тіркелген екен.

Әнуарбек Дәрмағанбетов, облыстық ветеринария басқармасы басшысының орынбасары:

- Өте арық, қыста арық шыққан малдар, азығы, жемі өте нашар болған малдардан анықталып отыр. Бұл жатқан кезде немесе басқа жағдай болғанда табаннан табанға, түйе малынан жұғады. Былай адамға бұл жұқпайды. Бұдан мал өлмейді, жазылып кету болжамы бар.