Хабар телеарнасы

Қарағандыда қауіпті кезең басталғалы 130 дала өрті болды

Қарағанды облысында соңғы бір тәулікте 24 өрт шыққан. Оның 17-ін құтқарушылар уақтылы ауыздықтап үлгерген. Жалпы өңірде қауіпті кезең басталғалы 130 дала өрті болды. Қызыл жалын 10 мың гектардан астам алқапты шарпыған. Төтенше жағдайлар қызметі мамандарының айтуынша, соңғы аптада қызыл жалын Ұлытау ауданында жиілеген. Мұнда төрт үлкен өрт шыққан. Дегенмен қазір өңірдегі жағдай біршама тұрақталды.

Нұрлан Бекбосынов, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

- Ұлытау ауданындағы өртті жоюда біршама қиындықтар болғандығын айта кету қажет. Желдің екпіні қатты болды әрі оның бағыты өзгеріп отырды. Сондай-ақ ауа-райы да тым ыстық болды. Дегенмен дер кезінде қабылданған шаралардың арқасында біз тілсіз жауды ауыздықтадық. Қазір жағдай қатаң бақылауда.