Хабар телеарнасы

Данагүл Баешева вакциналауға қатысты әлеуметтік желіде жиі қойылатын сұрақтарға жауап берді

Осы және өзге сұрақтарға жауап алу үшін медицина ғылымдарының докторы, профессор, балалар жұқпалы аурулар кафедрасының меңгерушісі Динагүл Баешевамен сұхбаттастық.

Вакцина салудың алдында антиденелерге анализ алына ма?

Динагүл Баешева, медицина ғылымдарының докторы, профессор, балалар жұқпалы аурулар кафедрасының меңгерушісі:

- Жоқ, вакцина салардың алдында антиденелерге анализ алынбайды. Бірақ дәрігер адамның қызуын, қан қысымын алдын ала өлшеп, негізгі жағдайын тексеріп, рұқсатын береді.

Қандай жағдайда вакцина салуға болмайды?

Динагүл Баешева, медицина ғылымдарының докторы, профессор, балалар жұқпалы аурулар кафедрасының меңгерушісі:

- Біріншіден, жедел жұқпалы ауруы, ЖРВИ, ішек аурулары немесе созылмалы ауруының өршіген кезі болса, сонымен қатар жүкті әйелдерге, кәмелет жасқа толмаған адамдарға вакцина салынбайды.

Егер адам коронавируспен ауырған, бірақ ол туралы білмеген болса, вакцина салындырған соң қандай реакция болады?

Динагүл Баешева, медицина ғылымдарының докторы, профессор, балалар жұқпалы аурулар кафедрасының меңгерушісі:

- Ешқандай реакция болмайды. Вакцинаның адам иммунитеті көтеретін дозасы болады. Екпе де сол мөлшерде салынады. Ол қорқатындай жағдай емес.

Вакцина алған адамның ағзасында түзілген вирусқа қарсы қорғаныс қанша уақыт сақталады?

Динагүл Баешева, медицина ғылымдарының докторы, профессор, балалар жұқпалы аурулар кафедрасының меңгерушісі:

- Ол адамның иммунитетіне байланысты. Ғалымдардың айтуынша, аурудан жеңіл түрде өткен адамдардың антиденелері 1-2 айда жойылып кетеді. Ал ауыр және орташа дәрежеде өткерген адамдардың антиденелері ұзағырақ сақталуы мүмкін. Сондықтан біздің елде алты айдан кейін вакцинаның екінші дозасы салынады. Науқас ауырып шыққаннан кейін бір реттік дозасын алады. Орташа дәрежеде ауырса, 21 күннен кейін екінші дозасын алмауға да болады.

Еліміздегі вакциналау қандай дейгейде жүріп жатыр деп ойлайсыз?

Динагүл Баешева, медицина ғылымдарының докторы, профессор, балалар жұқпалы аурулар кафедрасының меңгерушісі:

- Алдымен халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет. Таразының басында ауру мен вакцина тұр. Таңдау өзімізде. Әсіресе жасы ұлғайған, қант диабетімен ауыратын, қан қысымы жоғары адамдарға вакцинаны бірінші кезекте салу керек.

Қазіргі таңда жаңа штамдар, аурудың жаңа белгілері пайда болып жатыр ма?

Динагүл Баешева, медицина ғылымдарының докторы, профессор, балалар жұқпалы аурулар кафедрасының меңгерушісі:

- Жаз мезгілінде балаларда ауру жеңіл формада өтсе, қазір вирус балалар мен жастар арасында ауыр дәрежеде өтіп жатыр. Осыған көңіл бөлу керек. Жасы ұлғайған адамдар ауырған күннің өзінде олардың клиникалық көрінісі айқын болмауы мүмкін. Бірақ аз уақытта тез нашарлап кетіп жатады. Сондықтан карантиндік талаптарды сақтап, өз денсаулығымызға мән беруіміз қажет.