16:00Эфирде: Телесериал «Клад могилы Чингисхана»
17:45Әрі қарай: «На крючке» кино
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Алматы облысындағы таулы аймақтарда жағдай қауіпті

  • Категория: Қоғам
Алматы облысындағы таулы аймақтарда жағдай қауіпті

Алатауда да қар көшкіні қаупі күшейіп тұр.

Жыл сайын осы мезгілде күн жылып, таудағы қар ери бастайды. Сондықтан «Қазселденқорғау» мекемесі тау-тауды аралап, бақылауды күшейтеді. Биыл мекеме мамандарымен бірге тау сілемдеріндегі жалпы ахуалды Қазақстанның ҚР География және су қауіпсіздігі институтының ғалымдары да көріп қайтты.

Іле Алатауындағы қар көшкіні наурыз айының аяғына дейін жүруі ықтимал. Таудың биік сілемдері мен шың-құздарындағы қардың қалыңдығын, көшкін болу қаупін тек тікұшақпен ғана көруге болады. «Қазселденқорғау» мекемесінің мамандары мен География институтының ғалымдары төрт сағатқа жуық уақыт Қаскелең мен Түрген өзені аралығындағы аумақты шарлады. Осы аралықта шаңғы тебетін кешендер, туристік нысандар мен елді мекендер жиі шоғырланған.

Әсия Керімханқызы, «Қазселденқорғау» ММ бас инженер-гидрологі:

- Қар көшкіні қауіптілігі таулы аудандарда сақталады. Осыған байланысты қала тұрғындары мен демалушыларды тау бөктерлеріне шыққан кезде сақтық шараларын сақтауды ескертеміз.

Қазір таудағы қардың қалыңдың 40 пен 70 см аралығында. Бұл жылдағы қалыпты жағдай саналғанымен, көшкін кез келген сәтте болады. Бұл орайда ҚР География және су қауіпсіздігі институты қар көшкіні бюллетенін шығаруды қолға алды. Швейцариялық тәжірибеге сүйеніп жасалған бюллетенде адам жиі баратын жерлердегі қар көшкіні туралы ақпарат көрсетіледі.

Виктор Благовещенский, ҚР География және су қауіпсіздігі институтының бас ғылыми қызметкері:

- Тауда көшкін жүру қаупі әлі де жоғары. Қар қалың. Үнемі бұрқасын болғандықтан, көшкін жиі болып жатқанын байқадық.

Биыл «Қазселденқорғау» мекемесі 46 рет профилактикалық қар көшкінін жасады. Десе де ақпан айының басында тауда 31 рет көшкін жүрді. Бірақ солардың барлығы елді мекендерден алыс, қауіпсіз аймақтарда болды. Жалпы күн сайын таудағы гидрометеорологиялық ахуал 59 стационарлық бекет арқылы бақыланады.

Авторлары: Алмас Садуақас, Валентин Лобанов

Сондай-ақ...