Хабар телеарнасы

Қожа Ахмет Яссауи кесенесіндегі тарихи тайқазан жаңа келбетке енді

Ғалымдардың деректеріне сүйенсек, бұл тайқазан маңында ХХ ғасырдың ортасына дейін лаухалар болған көрінеді. Ал 1935 жылы тайқазанды Санкт-Петербордағы көрмеге алып кетіп, кейіннен қайта әкелгенде ілеспе бөлшектерсіз оралған.

«Құнды жәдігердің жоғалғандығы көңілге қаяу түсіретін еді», – дейді тарихшылар. Дегенмен мұражай басшылығының бастамасымен Әзірет Сұлтан кешенінде лаухалар қайта жаңғыртылып, бұрынғы орнына қайтарылды. Оларды Түркістанның үздік шеберлерінің бірі дайындаған. Жұмыс шамамен бір жылға созылыпты.

Нұрболат Ахметжанов, «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің директоры:

1870 жылдары саяхатшы Кунның түсірген фото суреттерінде де дерек бар. ХХ ғасырдың басында келген саяхатшылар осы кесенеге келіп түсірген фото суреттерде Тайқазанның айналасына 10 лауха орналастырылған аттың қылыменен. Яссауи бабамыздың қабірханасының кіре берісі есігінің басында үлкен лауха тұр. Оны кезінде Әмір Темір бабамыз Яссауи кесенесіне арнайы жасатып сыйға тартқан екен.