Хабар телеарнасы

Мемлекет басшысы: Шәмші шығармашылығы – ұлттың баға жетпес байлығы

Мемлекет басшысы: Шәмші шығармашылығы – ұлттың баға жетпес байлығы

«Бүгін еліміздің Әнұраны «Менің Қазақстаным» әнінің авторы, ұлт руханиятына талай сырлы саз бен әсем әуен сыйлаған композитор Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 90 жыл толды. Шәмші шығармашылығы – ұлттың баға жетпес байлығы. Оның туындыларын кеңінен насихаттау – бүгінгі ұрпақтың парызы», – деп жазды Мемлекет басшысы Twitter парақшасында.

Айта кетейік, 15 тамыз қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні. Бар ғұмырын ән әлеміне арнаған композитордың биыл 90 жылдығы.