Хабар телеарнасы

Биыл мешіттерде Құрбан айт намазы оқылмайды

Биыл мешіттерде Құрбан айт намазы оқылмайды

«Биыл Құрбан айт мерекесі ғұламалар кеңесінің бекітуімен 31 шілде, 1-2 тамыз күндеріне сәйкес келіп тұр. Алайда еліміздегі карантин мерзімі 2 тамызға дейін ұзартылғандықтан, Республика бойынша мешіттер жабық болуына байланысты 31 шілде күні Құрбан айт намазы оқылмайды», - деді Наурызбай Қажы.

Бұған дейін Құрбан айт күні белгіленгенін жазған болатынбыз. Онлайн түрде құрбандық шалу жүйесі іске қосылды. Құрбандыққа қандай мал шалынады? ҚМДБ құрбандық қай уақытта шалынатынын айтты.