Хабар телеарнасы

Демалыс аймақтарына қоқыс тастағандарға айыппұл салынады

Tabigatty qorgau

Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев ОКҚ брифингінде айтты.

«Соңғы күндері туристер легі көбейгенін байқап жүрміз. Бірақ олар кеткеннен кейін орындарында көп қоқыс қалуда. Бізді қоқыс контейнерлерін орнатуға жиі шақырады. Бірақ тәжірибе көрсеткендей біз неғұрлым көп контейнерді қойсақ, азаматтар соғұрлым қоқысты көп шашады. Осыған орай біз айыппұл салуға мәжбүрміз. Ішкі істер министрлігімен бұл сұрақты пысықтадық. Осы демалыс күндерінен бастап жағдайды мониторингілеу және бірден жергілікті жердерде шаралар қабылдау үшін Ұлттық парктер мен демалыс аймақтары бойынша рейдтер жүргіземіз. Қоқыс тастағандарға айыппұл саламыз. Рейдтерге бізбен бірге экологтар, қоғам белсенділері мен еріктілер қатысады», – М.Мырзағалиев.

Сонымен қатар министр Мемлекет басшысымен сөйлескенін айтты.

«Президент табиғатқа зиян келтірген заң бұзушыларға қатысты жауапкершілікті күшейтуді және айыппұл құнын ұлғайту жағын қарастыруды тапсырды», – деді М.Мырзағалиев.