Хабар телеарнасы

42 500 теңгенің проактивті түрде тағайындалғандығын қалай тексеруге болады?

42 500 tg

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ең төменгі жалақы 42 500 теңге мөлшеріндегі біржолғы төлемді проактивті форматта тағайындауға өз келісімін растаған азаматтар SMS жібергеннен кейін бірнеше күн ішінде өтінімді қарау статусын тексере алады. 

Егер сізге «Uvazhaemiy zayavitel IIN ххххххххххх, v sluchaye poteri dohoda s 5 iyulya soglasni proaktivno poluchit 42500 Esli da - otpravte 1, net -2 v techeniye 5 dn.» мәтіні бар sms-хабарлама келіп түссе, осы хабарламаға жауап берген соң бірнеше күн өткеннен кейін сіз eGov.kz порталында egov.kz/services/P6.47/ сілтемесі бойынша өтінімнің статусын тексере аласыз.

Егер sms-жауап жолдау кезінде қате шықса, бұл келесі себептерден болуы мүмкін:

- сіздің теңгеріміңіз 1 бірліктен аз;

- телефон баптауларында қысқа нөмірлерге sms-хабарлама жіберуге тыйым салынған; - баптауларда мәтіндік хабарламаларға тыйым салынған және mms хабарламалар басымдыққа ие;

- сигналға байланысты проблема;

- ұялы байланыс операторларындағы проблемалар.

Естеріңізге сала кетейік, 16 шілдеден бастап бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын адамдар үшін sms-хабарламаларды жіберу арқылы біржолғы төлемді тағайындау бойынша проактивті қызмет көрсету жүзеге асырылуда. Өтінімдерді қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.