Хабар телеарнасы

Степногорскіде дәрі-дәрмекті қымбатқа сатқан дәріханалар анықталды

Степногорскіде дәрі-дәрмекті қымбатқа сатқан дәріханалар анықталды

Ақмола облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің мамандары прокуратура қызметкерлерімен бірлесіп жүргізген тексеріс барысында цефтриаксон және ликопид дәрілерінің бағасы негізсіз көтеріліп, сатылғандығы әшкереленді.

Тексеріс барысында ликопид дәрісінің екі орамасы мен 98 флакон цефтриаксон дәрісі тәркіленді. Қазір дәріхана басшылығын әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылуда.