Хабар телеарнасы

Маңғыстау облысына БАӘ-ден 7,5 тонна медициналық жабдық жеткізілді

Маңғыстау облысына БАӘ-ден 7,5 тонна медициналық жабдық жеткізілді

Келген көмектің ішінде 25 жасанды өкпені желдеткіш құрылғысы, 95 мың дана бетперде бар. 100 мың дана вирусты анықтайтын тест және 250 мың медициналық қолғап пен өзге де қорғаныш киімдері де осында. Бұл жабдықтар өңірдегі барлық қала мен аудандағы медициналық ұйымдарға үлестіріліп беріледі. Гуманитарлық көмектің дұрыс бөлініп, мақсатты жұмсалуын арнайы құрылған комиссия қадағалайды. Оның құрамына қоғам белсенділері, журналистер мен мемлекеттік орган өкілдері енген.

Қаныбек Жұмашев, облыс әкімінің орынбасары:

– Бұл гуманитарлық жүк пандемиямен күресіп жатқан Маңғыстау облысының дәрігерлері үшін, сонымен қатар ауырған науқастарымызға ем-дом шипасының сапалы жүргізілуі үшін көрсетіліп жатқан көмек. Бұл көмек БАӘ халқының жоғары мәртебелі принцінің Маңғыстау халқына жасап жатқан жақсылығы деп түсінеміз.