Хабар телеарнасы

Өкпені компьютерлік томографияға қандай кезде түсірген жөн

Өкпені компьютерлік томографияға қандай кезде түсірген жөн

Бұл туралы Қарағанды қаласы ауруханасының жалпы тәжірибелік дәрігері, №3 Отбасылық денсаулық орталығының бөлім меңгерушісі Саягүл Балахметова онлайн брифингте айтып берді.

«Бірден компьютерлік томографияға, рентгенге түсу міндетті емес. Ең алғашқы 3-5 күн аралығында компьютерлік томографиядан өткеннің өзінде өкпенің қабынуын нақты көрсетпеуі мүмкін. Сол себепті бірден компьютерлік томографиядан өтудің қажеті жоқ. Егер науқастың ауыру ұзақтығы 5 күннен артық 6-7 күнге созылса, дене қызуы жоғарыласа, ентігу күшейсе, дәрігердің көмегіне жүгініп, нұсқаулыққа қарай компьютерлік томографиядан өтуге болады», – деді дәрігер.