Хабар телеарнасы

Қазақстанда бірқатар жолаушылар пойызы уақытша тоқтатылады

Қазақстанда бірқатар жолаушылар пойызы уақытша тоқтатылады

«ҚР Мемлекеттік комиссиясының 2020 жылғы 2 шілдедегі шешіміне, ҚР Мемлекеттік бас санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 3 шілдедегі №44 қаулысына сәйкес және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің хаты негізінде СОVID-19 коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында осы шешімнің күші жойылғанға дейін бірқатар жолаушы пойызының жүруі уақытша тоқтатылады», – деп хабарлады «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.

Олар:

1) 2020 жылдың 9 шілдеден бастап Алматы-2 стансасы бойынша № 29/30 «Алматы-2 – Атырау» пойызы 9 шілдеден Алматыдан жөнелтілсе, Атыраудан 11 шілдеден бастап жөнелтіледі.

2) 2020 жылдың 10 шілдеден бастап Маңғыстау стансасы бойынша № 37/38 «Маңғыстау-Нұр-Сұлтан Нұрлы жол» пойызы Маңғыстаудан 10 шілдеден бастап жөнелтілсе, келетін/жөнелтілетін Нұр-Сұлтан «Нұрлы жолдан» 12 шілдеден жөнелтіледі, ал Маңғыстауға 14 шілдеден бастап келеді.

3) 2020 жылдың 10 шілдеден бастап Маңғыстау стансасы бойынша № 309/310 «Маңғыстау-Ақтөбе» пойызы Маңғыстаудан 10 шілдеден бастап жөнелтілсе, келетін/жөнелтілетін Ақтөбеден 11 шілдеден жөнелтіледі, ал Маңғыстауға 13 шілдеден бастап келеді.

4) 2020 жылдың 10 шілдеден бастап Маңғыстау стансасы бойынша № 657/658 «Маңғыста-Бейнеу» пойызы Маңғыстаудан 10 шілдеден жөнелтілсе, келетін/жөнелтілетін Бейнеуден 11 шілдеден жөнелтіледі, ал Маңғыстауға 12 шілдеден бастап келеді.

5) 2020 жылдың 11 шілдеден бастап Алматы-2 стансасы бойынша № 77/78 «Алматы-2-Маңғыстау» пойызы Алматыдан 11 шілдеден бастап жөнелтілсе, Маңғыстаудан 14 шілдеден бастап келеді/жөнелтіледі, ал Алматы-2 стансасына 17 шілдеден бастап келеді.

6) 2020 жылдың 13 шілдеден бастап Маңғыстау стансасы бойынша № 77/78 «Маңғыстау-Алматы-2» Маңғыстаудан 13 шілдеден бастап жөнелтілсе, Алматыдан 16 шілдеден бастап келеді/жөнелтіледі, ал Маңғыстауға 19 шілдеден бастап келеді.

Аталған пойыздарға бұрын жол жүру құжаттарын (билеттерін) ресімдеген жолаушылар жол жүру құжаттарын қайтаруды ресімдей алады және ақшалай қаражатты ұстап қалусыз толық көлемде ала алады. Билеттер үшін төлемдерді қайтару билетті қайтару тәртібі мен сатып алу тәсіліне байланысты қолма-қол және қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы жүргізіледі.