Хабар телеарнасы

Әйгілі композитор Кеңес Дүйсекеев дүниеден озды

Әйгілі композитор Кеңес Дүйсекеев дүниеден озды

Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Facebook парақшасында жазды.

«Белгілі өнер саңлағы, әйгілі композитор Кеңес Дүйсекеевтің қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарының қайғысына ортақтасып көңіл айтамыз. Қазақ музыка өнерінің өсіп-өркендеуіне өлшеусіз еңбек сіңірген атақты композитордың шығармалары, әндері мен әуендері туған халқының жадында, жұртының жүрегінде мәңгі сақталатыны ақиқат. Композитор Кеңес Дүйсекеев «Гүлдер» ансамблінің бас дирижері және музыка жетекшісі, «Қазақконцерт» бірлестігінің музыка жетекшісі, Қазақ теледидары музыка редакциясының бас редакторы сияқты жауапты басшылық қызметтерді атқара жүріп, артында мол шығармашылық мұра қалдырды. Марқұмның жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын. Пейіште нұры шалқысын», – деп жазды Аида Балаева.