Хабар телеарнасы

Бурабай жағажайлары карантинге жабылды

Бурабай жағажайлары карантинге жабылды

«Ақмола облысында коронавирус инфекциясына байланысты қатаң шектеу шаралары енгізілгендіктен, Бурабай паркінің жағажайлары жабылды», – деп хабарлады ұлттық парктің баспасөз қызметі.

Шектеу шаралары өңірдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақтанған уақытқа дейін енгізіліп отыр. Қоғамдық жерлерде әлеуметтік қашықтықты сақтап, бетперде тағу керек делінген хабарламада.