Хабар телеарнасы

«Біз біргеміз» телемарафоны: алдыңғы шепте жүрген батырлардың еңбегі көрсетіледі

Осы қағиданы негізге алып, коронавируспен күресте медицина саласының мамандары мен полиция қызметкерлері әрі журналистер жұмыла жұмыс істеп жатыр. Полиция қызметкерлері мен Журналистер күні қарсаңында эфиріміз алдыңғы шепте жүрген батырларға арналады. 23 маусым күні таңғы сағат 09:00-да басталып, түскі 14:00-ге дейін болатын «Біз біргеміз» телемарафоны кезінде бұл мамандық иелерінің қауырт жұмысы жайында айтамыз. Бағдарлама барысында еліміздің түкпір-түкпірінен тікелей қосылымдар болады. Қазір арнамыздың қызметкерлері телемарафонға соңғы дайындықтарын пысықтап жатыр. «Хабар» арнасымен бірге болыңыздар!