Хабар телеарнасы

Өскеменде сапаржайға санитарлық бекет орнатылды

Санитарлық-гигиеналық құрылғыларды жолаушылар тасымалымен айналысатын компания мамандары өздері жасаған. Арнайы қондырғылармен аяқ киім және қолды дезинфекциялауға болады. Ал нысанның төбесінде ауаны тазалап тұратын бактерицидті шам бар. Қоғамдық орын болғандықтан, бұл жерде адам қарасы үзілімейді. Сондықтан карантин аяқталса да, сақтық үшін залалсыздандыру қондырғысы алынбайды.

Алмас Бейсенғазин, автобекет директоры:

- Киімі, денесі – түгелі бактерицидтік тазалаудан өтеді. Шамның техникалық мінездемесін қарасақ, 97,2% бактерияны өлтіреді. Алгоритм бойынша қол ғана емес, бүкіл денесі тазаланады. Адамның қол жүгі, аяқ киімі де тазарудан өтеді.