Хабар телеарнасы

Еліміздің екі қаласында коронавирусты анықтайтын тегін экспресс-тестілеуден өтуге болады

Koronavirusty anyktaityn test

  1. Тест тапсыру үшін пациент www.cdl.kz сайтында сауалнама толтыруы керек;
  2. Денсаулық сақтау министрлігінің эпидемиологтары адамдардың эпидемиологиялық көрсеткіштері негізінде іріктейді;
  3. Бекітілген тізімдер «Олимп» КДЗ-ға жіберіледі;
  4. Бекітілген тізімдегі пациентке байланыс орталығының операторы хабарласып, қай жерге, қай уақытта келуі керектігін айтып, келушілерге қойылатын талаптар мен анализ тапсыру ережелерін түсіндіреді;
  5. Оператор нұсқаған процедуралық кабинетке маска киіп, жеке куәлікті алып, кешікпей келу керек;
  6. Кезекте тұрған адамдар бір-бірінен 1,5-2 метр қашықтықта болуы тиіс;
  7. Процедуралық кабинетте тіркеледі, кейін коронавирусқа экспресс-тест алынады;
  8. Анализ қорытындысы сауалнамада көрсетілген поштаға жолданады;

Есте ұстау маңызды:

  • Пациенттің температурасы байланыссыз өлшеу құралымен жүргізіледі. Дене қызуы көтеріліп тұрған адамнан анализ алынбайды.
  • Оператордың қоңырауынсыз, өздігімен процедуралық кабинетке келуге болмайды.
  • Экспресс-тестілеу арнайы процедуралық кабинеттерде өткізіледі, ол жерде басқа анализдер алынбайды.

Бұл шаралар келушілердің де, қызметкерлердің де денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қабылданған.