Хабар телеарнасы

Мемлекет басшысы: Пандемияға ешкім де дайын болған жоқ

Мемлекет басшысы: Пандемияға ешкім де дайын болған жоқ

«Тіпті ең дамыған елдер де өздерінің олқы тұстары мен кемшіліктерін көріп, қорытынды жасап жатыр десем артық емес. Өйткені пандемияға ешкім де дайын болған жоқ. Бұрын-соңды болмаған ауыр дағдарыстан біздің халқымыз ширап, жаңа кезеңге бейімделіп шығатынына сенімдімін. Қазақстан міндетті түрде осы қиындықты еңсеріп, тұрақты және сапалы өркендеу жолына түседі. Жалпы дағдарыс еліміздің келешегі мен оның алдағы дамуы туралы терең ойлануға мүмкіндік береді. Сондықтан бәріміз бір ел болып белсенді жұмыс жүргізуіміз керек», – деді Президент.