Хабар телеарнасы

Қазақстанда COVID-19 күресуде психологиялық көмек сайты іске қосылады

Қазақстанда COVID-19 күресуде психологиялық көмек сайты іске қосылады

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық ғылыми-практикалық психикалық денсаулық орталығы БҰҰ жанындағы Балалар қорының (ЮНИСЕФ) қолдауымен құрылған. Халыққа психологиялық көмек көрсетуге және азаматтарды қолдау үшін құрылған сайт 4 сәуір, сенбі күні жұмысын бастайды.

Қазіргідей қиын жағдайда коронавирустық инфекция өршіген тұста адамдарды қолдау үшін (UNICEF, WHO, төтенше жағдайда психикалық денсаулық және психо-әлеуметтік қолдау бойынша ведомствоаралық комитеттің жұмыс тобы) психологиялық көмектің үздік халықаралық тәжірибесі жинақталды.

Жаңа сайтта оқырман өз сұрақтарына жауап ала алады, психолог немесе психотерапевттер онлайн кеңес береді. Сізге сілтеме жазылған хабарлама келеді, сол арқылы келісілген уақытта маманмен онлайн байланысқа шығуға болады.

Бұл жобаға еліміздің барлық өңірінен денсаулық сақтау, білім беру, мемлекеттік, мемлекеттік емес секторлар жүйесінде жұмыс істейтін 50-ден астам маман қатысуда.