Хабар телеарнасы

Арнаулы жиындарға ең алдымен еріктілер шақырылады

Арнаулы жиындарға ең алдымен еріктілер шақырылады

Жалпы бұл жиындар үш айға созылады. Әскери міндеттілер тек тұрғылықты жері бойынша ғана шақырылады, басқа аймақтарға жіберілмейді.

Қашықтан жұмыс істеу әскери міндеттіні арнаулы жиындардан босатпайтынын ескерген жөн, дегенмен әкімдіктер шақыртуға икемді түрде қарайды. Барлық шақырылғандар міндетті медициналық тексерістен өтеді.

Бұл туралы мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлады.