Хабар телеарнасы

Қызылорда облысында коронавируспен күреске 672 млн теңге бөлінді

Қызылорда облысында коронавируспен күреске 672 млн теңге бөлінді

Осылайша өңірде қауіпті індетке шалдыққандар 25-ке жетті. Өңірде сақтық шараларына төтенше жағдайлар жөніндегі резервтен қомақты қаржы бөлініп отыр.

Нұрлан Жақыпбек, тілші:

– Аймақта вирусқа шалдыққан 25 адам ауруханада тиісті хаттамаға сәйкес ем алуда. Бүгінгі бір жағдай Шиелі ауданынан анықталып отыр. Науқастармен қарым-қатынаста болғандар да толық бақылауда. Облыс көлемінде әскери бөлім сарбаздарының көмегімен індет ошақтары дезинфекцияланып жатыр. Өңір орталығы мен Жаңақорған ауданы карантинге жабылғаны белгілі. Бұл ретте қандай шаралар атқарылуда?

Қайратбек Сәрсенбаев, облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы:

– Кеселдің алдын алу және жою шараларын жүйелі жүргізу үшін облыстық денсаулық сақтау басқармасына 104 млн теңге бөлінді. Қаржының 12,8 млн теңгесіне мың жарым литр антисептик, 100 дана төсек жабдығы және бетперде сатып алынды. Сонымен қатар төтенше жағдайларға арналған резервтен де 672 млн теңге қаралып отыр.