Хабар телеарнасы

Қытайдан бірінші гуманитарлық көмек келіп жетті

Қытайдан бірінші гуманитарлық көмек келіп жетті

Бүгін таңертең Алматы қаласының әуежайына бірінші гуманитарлық көмектің партиясы келіп жетті. Оның ішінде тепловизор, тест жиынтығы, медициналық бахила, қолғап, көзілдіріктер және медициналық киім кіреді.

Жақын арада Қытайдан медициналық қорғаныс құралдарының тағы да келуі күтілуде. Алматы әуежайында жүкті «Фармация» СҚ, Алматы қаласындағы ҚР СІМ өкілдігі, ҚХР Бас консулдығы өкілдері күтіп алды.