Хабар телеарнасы

Шалғайдағы мектеп оқушылары радио және пошта арқылы қашықтықтан оқытылады

Шалғайдағы мектеп оқушылары радио және пошта арқылы қашықтықтан оқытылады

Елімізде мектеп оқушыларын қашықтықтан оқытуға байланысты 4 бағыт бойынша жұмыс жүргізілуде.

«Оның бірінші бағыты – теледидар арқылы тиісті сабақтарды беру. Республикалық екі телеарна өзінің келісімін беріп, бұл жұмысты бастап кеттік. Бұл – «Balapan» және «El Аrna» телеарнасы. Осы арналар арқылы сабақтарды күнде-күнде тиісті график бойынша беріп отырамыз», – деді министр. Келесі бағыт – радио арқылы сабақтар өткізу. Теледидар бойынша да сигнал жетпейтін елді мекендердегі оқушылар үшін «Қазақ радиосынан» да күнделікті сабақтар жүргізілетінін айтып өтті. Үшінші бағыт – пошта арқылы қашықтықтан оқыту.

«Бізде өте кішкентай 1200 елді мекен бар. Ондай елді мекендерде 3-5 оқушы балалар болады. Оларды біз бұған дейін күнде басқа ауылдардағы мектептерге тиісті көліктермен алып келіп, үйлеріне жеткізіп отыратынбыз. Енді бұл балаларға білімді тоқтатпай беруіміз керек. Сондықтан пошта арқылы да осы жұмысты әрі қарай жүргіземіз», – деді А.Аймағамбетов. Төртінші бағыт – интернет желісі арқылы оқыту. Бірнеше интернет платформа дайын тұрғанын айтып өтті.