Хабар телеарнасы

Кімдер несие төлемдерін үш айға шегерте алады?

Кімдер несие төлемдерін үш айға шегерте алады?

Шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төтенше жағдайға байланысты банктерге халықтың, шағын және орта бизнестің несиесі мен сыйақы сомаларын төлеуді тоқтата тұру жөніндегі тапсырмасына сәйкес жасалды. Яғни карантин кезінде жұмыстан босаған немесе ақысыз демалысқа шыққан, сондай-ақ жалақысы немесе өзге кірістері төмендеген азаматтарға 16 наурыздан кейін өтелуі тиіс төлемдері 90 күнге шегерілді. Ол борышкердің жазған өтініші негізінде жүзеге асырылады. Банктер қосымша растау құжаттарын талап етпейді.

Сондай-ақ Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен I, II топтағы мүгедектер, алтын және күміс алқа иегерлері мен толық емес отбасылар растау құжаттарынсыз ешқандай келісімдерге қол қоймай-ақ, төлемдерін үш айға шегерте алады.

Барлық сұрақ бойынша finreg.kz сайты арқылы немесе +7 (727) 278 81 44 телефонына хабарласып білуге болады.