Айдос Үкібай «Birgemiz» қоғамдық қорының жұмысына қатысты пікір білдірді
- Категория: Қоғам

Бірнеше өңірде бюджеттік сала қызметкерлерін «Birgemiz» қоғамдық қорына ақша аударуға мәжбүрлеген.
Ел ішінде пайда болған осы ақпаратқа қатысты ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай пікір білдірді.
Оның сөзінше, бұл шындыққа сәйкес келмейді. Ол өзінің Twitter желісіндегі парақшасында: «Мұндай әрекеттерге жол берілмейді. Барлық қайырымдылық іс тек ерікті негізде жүзеге асырылады», – деп жазды.