Хабар телеарнасы

Шымкентте 88 азамат медициналық мекемеде оқшауланған

Ал індеттен оқшауланғандар саны 88-ге жетіп отыр. Оның 60-ы – эпидемиологиялық жағдайы асқынған қолайсыз елдерден келгендер.

Ал жуырда санитарлық дәрігерлер жедел хабар алып, Нұр-Сұлтан–Шымкент бағытындағы пойыздан әйел адамды түсіріп алған болатын. Азаматша Қарағанды қаласында коронавирус жұқтырған адаммен қатынаста болуы мүмкін деген күдікке іліккен. Тіпті ол Қарағандыда 14 күн оқшауланған. «Сонда да біз азаматшаны купеде бірге болған адамдармен қоса карантинге жатқыздық», – дейді ақ халаттылар.

Ғалымжан Әбішов, қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау депаратаменті басшысының орынбасары:

- Бүгінгі таңда Шымкент қаласы бойынша 88 адам оқшаулауға алынған. Оның ішінде 60 азамат қолайсыз елден келген. Алматы, Нұр-Сұлтан, Қарағанды қалаларында тіркелген жағдайлар бойынша түрде қатынаста болғандар карантинге алынған. Барлығының дені сау. Аурудың ешқандай белгілері жоқ. Тек қана 14 күндік карантинге оқшаулануға алынған.