Хабар телеарнасы

Коронавирус жайында ел жаңалығын біле алатын арнайы сайт іске қосылды

Бұл ресурста желіде тараған мәліметтердің жалған не рас екендігін біле аласыз. Сондай-ақ төтенше жағдай бойынша карантин кезіндегі тәртіп пен мемлекеттің коронавирусқа қарсы жасап жатқан шаралары жөнінде барлық өзекті ақпараттар жинақталады. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Facebook парақшасында жазды. Азаматтар үшін сайтта арнайы сұрақ-жауап айдары болады. Оған қоса аурудың алғашқы белгілері байқалғанда жасау керек әрекеттердің ережелері де жарияланған. Бұл мәліметтер түсінуге оңай, таратуға ыңғайлы болуы үшін инфографика, нұсқаулықтар түрінде берілген. Министр өз жазбасын: «Сіздерден осы мәліметті таратуды және сенімді ақпарат көздеріне ғана жүгінуді сұраймын», – деп аяқтады.