Хабар телеарнасы

Түркістан облысы аумағындағы жолдарға бақылау-өткізу бекеті қойылды

Қазір Түркістан облысы аумағындағы жолдарға бақылау-өткізу бекеті қойылды. Полиция қызметкерлері мен облыстық дезинфекция орталығының мамандары екі күннен бері облыс аумағына кірген әрбір көлікті жіті тексеріп, жолаушылардың дене қызыуын тексеріп жатыр. Ыстығы 37 градустан асқандары өңірге кіргізілмейді.

«Мұның барлығы – сақтық үшін жасалған шаралар», – дейді мамандар. Жалпы өңірде блокбекет екі жерге қойылған. Бірі Қызылордамен шектесетін Сауран, екіншісі Жамбыл облысымен іргелес Шақпақ бекетіне қойылды. Тексеру жұмыстары тәулік бойы жүргізіледі.

Бақытораз Елемесов, Тауарлар қауіпсіздігін бақылау басқармасы басшысының орынбасары:

- Қазір бұл жерде бір дәрігер, екі орта буынды медицина қызметкері жұмыс істеп жатыр. Қолдарында 3 пирометр бар. Олар 2-3 секундтың ішінде адамның ыстығын анықтап береді. Шақпақта бір студенттен ыстық шықты. Қазір ол Түлкібастағы ауруханаға жатқызылды, жағдайы жақсы.