Хабар телеарнасы

Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус індетін жұқтырған тағы 7 адам тіркелді

Барлығы Нұр-Сұлтан қаласынан. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп хабарлады. Осылайша қазіргі уақытта Алматы қаласы бойынша 19, елордада 25 науқас емделіп жатыр. Барлығы 44 адам. Соңғы мәліметке сүйенсек, қазір елімізде арнайы карантинге жатқызылған адамдар саны 593. Сондай-ақ 2 066 тұрғын үй жағдайында карантинде.

Диас Ахметшәріп, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі:

- Нұр-Сұлтан қаласы бойынша тағы 7 науқас тіркеліп отыр. Олар 25-52 жас аралығындағы Қазақстан азаматтары. Барлығы бұрын ауырған адамдармен тікелей байланыста болған. Қазір олар сатационарда емделіп жатыр. Жағдайлары жақсы.