Хабар телеарнасы

Тауар құнын көтергендерге айыппұл салынады

Салдарынан шағын дүкендердегі баға да шарықтап шыға келді. Сондықтан арнайы рейдке шыққан комиссия осы көтерме сауда орнында болды. Осылайша біршама заңдылықтардың бұзылып жатқанына көз жеткізді. Мәселен, орталықта ең басты қажеттіліктегі кейбір азықтардың бағасы мүлдем көрсетілмеген. Енді аталған орталыққа әкімшілік айыппұл салынады.

Саят Жеңісханов, кәсіпкер:

- Бұл Өскемен қаласы бойынша қант алатын орталық болып саналады. Мұндағы баға 175 теңге болып тұрған, бір аптадан кейін 230 теңге болып кетті. 20% қымбаттап тұр.

Александр Светаш, қалалық мәслихат хатшысы:

- Мұнда тіпті кейбір өнімдердің бағасы да жазылмаған. Бұл заңбұзушылық емес пе?! Келген жұрт бірден алаңдай бастайды. Осы жерде әкімшілік полиция қызметкерлері бар, барлығымыз бірге айыппұл тағайындау үшін тиісті орындарға хат жазамыз.