Хабар телеарнасы

Алматы қаласында коронавирус жұқтырған тағы 1 науқас тіркелді

Қазіргі дерекке сай Алматыда 19, елордада 18 адам дертке шалдыққан. Жария болған ақпарға сүйенсек, 1 536 науқас ауруханада емделіп жатыр. 1 094 адам үй жағдайында карантинде.

Диас Ахметшәріп, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі:

- Коронавирус індетін жұқтырған тағы бір азамат Алматы қаласы бойынша тіркелді. Ол 1979 жылы туған Ресей Федерациясының азаматы. Алматы қаласына 15 наурыз күні РесейАлматы рейсімен ұшып келген болатын. Қазір стационарда карантинде жатыр. Денсаулығы жақсы. Осы сағатта Алматы бойынша 19 науқас, Нұр-Сұлтан бойынша 18, барлығы 37 адам тіркеліп отыр.