Хабар телеарнасы

Жолаушылардың билетті 6 ай ішінде тапсыруына болады

Кейбіріне қатынауға уақытша шектеу қойылды. Осыған байланысты билеттері бар жолаушылар өздерінің құжаттарын алған жеріне қайтара бастаған. Соңғы уақытта теміржол вокзалдарында жол жүру қағаздарын тапсырамын деген халықтың қарасы көбейгені соншалық, олардың саны 80 мыңға дейін артқан.

Айта кету керек, енді жолаушылар өздерінің билеттерін 6 ай ішінде тапсыра алады. Билеттердің құны толығымен өтеліп, ешқандай айыппұл алынбайды.

Алмас Айтпаев, «Жолаушылар тасымалы» АҚ департамент директоры:

- Бұқара халық жаппай билеттерін қайтара бастаған. Бірқатар касса бұған дайын болмай, ол жерлерде қолма-қол ақша таусылып қалғанын жасырмаймыз. Бірақ ол олқылықтар шешілді. Билеттерін тапсырған жолаушылар өздерінің ақшаларын алып үлгермесе, алдағы жарты жылда өз ақшасын қайтарып алуға мүмкіндік бар.