Хабар телеарнасы

Елордада автобустарды дезинфекциялау жұмыстары басталды

Енді жүргізушілер автобустарды күніне екі мәрте тазалап отыруға міндетті. Оларға арнайы жуғыш құралдары, қолғап пен маска берілді. Ал автобустағы бактерияларды өлтіру үшін құрамында хлоры бар «С-01» таблеткалары қолданылады. «Аталған препарат елімізде өндіріледі, сондай-ақ ол 10 литр ертінді жасауға жеткілікті», – дейді мамандар.

Биахмет Біләлов, №1 автопарк басқарма төрағасының эксплуатация жөніндегі орынбасары:

- Адам денсаулығына қаупі жоқ. Ешқандай иіс шығармайды. Жүргізушілер таңертең 2 шөлмек дезинфекциялық ерітіндіден алады. Арнайы қолғап, сүртуге арналған орамалдар бар. Бір рейстен соң, бірден автобус ішін дезинфекциялайды.