Хабар телеарнасы

Пандемияға байланысты Қазақстанда қоғамдық іс-шаралар уақытша тоқтатылады

Осыған орай Қазақстан Президенті бірқатар мемлекеттік орган басшысын жинап, шұғыл кеңес өткізді. Осы кеңесте вирустың елімізге енуіне және таралуына жол бермеу үшін бірқатар қатаң шара қабылдау туралы шешім шығарылды. Атап айтқанда, жаппай мәдени және спорттық шараларды, конференциялар мен көрмелерді өткізуге уақытша тыйым салынып, халық көп шоғырланатын жерлерде қатаң санитарлық режим енгізіледі. Ал мектептердегі көктемгі демалыс бір апта ерте, яғни 16 наурызда басталатын болды. ЖОО-лар да қашықтан оқыту әдісіне көшпек. Қасым-Жомарт Тоқаев: «Халықты азық-түлікпен және ең қажетті тауарлармен үздіксіз қамтамасыз ету мәселесін қатаң тапсыра отыра, шектеу шараларынан тек шағын және орта бизнестің зардап шекпеуі тиіс», – деді. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Наурыз мерекесіне арналған шараларды және әскери парадты өткізбеу жөнінде тапсырма берді.

Бұл жайында Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында хабарлады. «Сонымен қатар бұған дейін жоспарланған халықаралық форумдарды кейінге шегеруді тапсырды» делінген жазбада. Дегенмен елдегі шағын және орта бизнес жұмысын жалғастыра береді, ірі кәсіпорындар да үздіксіз жұмыс істей береді.